Accessibility links

Нетаньяху: Иранды нағыз соғыс қатері мәжбүрлей алады


Израиль премьер-министрі Иранды шынайы соғыс қатері ғана ядролық қару ізденісінен бас тартуға мәжбүрлей алады деп есептейді.

АҚШ-тың вице-президенті Джо Байденмен Американың Жаңа Орлеан қаласында болған кездесуі кезінде Беньямин Нетаньяху осылай деп мәлімдеді.

Өз кезегінде Байден АҚШ пен өзге Батыс елдері Иранның ядролық мәселесін бейбіт жолмен шешуге бел буып отырғанын атап көрсетті.

Нетаньяху АҚШ-та 4 күндік сапармен жүр. Оның барысында Таяу Шығыстағы ахуалды талқыламақшы.
XS
SM
MD
LG