Әзірбайжанның Орталық сайлау комиссиясы өткен жексенбі күнгі парламент сайлауының бастапқы қорытындысын жариялады. Оған сәйкес, президент Илһам Әлиев бастаған «Жаңа Әзірбайжан» партиясы еркін көш басында келеді.
Партияның өкілдері 125 сайлау аймағының 70-тен астамында басым дауыс алды.
Парламентке тағы 10 партиядан 13 өкіл өтеді. Қалған сайлау аймақтарында партиясыздар жеңіске жетті.
Сонымен бірге оппозициялық «Халық майданы – «Мусават» саяси блогіне бірде-бір депутаттық мандат тимеді. Блоктің көсемі Әли Керімоглу мәлімдегендей, дауыс беру кезінде басталған заңсыздықтар дауыс беру мекемелері жабылғаннан кейін тіпті шектен шықты.
Дауыстарды есептеу кезінде, - деп мәлімдеді Керімоглу, - оппозицияның бақылаушылары сайлау мекемелерінен қуылды.
Өз кезегінде Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мазаир Панахов айтарлықтай заңсыздықтардың болмағанын мәлімдеді.
Сайлаудың түпкілікті нәтижесі 1 айдың ішінде жариялануға тиіс.