Accessibility links

Ирақта бір күнде қастандықтардан 14 кісі мерт болды


Дүйсенбі күні Ирақта шийттердің қасиетті екі қаласында болған қастандық жарылыстардан кем дегенде 14 адам мерт болып, ондаған кісі жараланды.

Ән-Наджаф қаласында бомба орнатылған автокөлік шийттердің ең қасиетті орындарының бірі саналатын имам Әлидің зираты маңында жарылып, 7 адам мерт болып, 15 шақты кісі жараланды.

Одан бұрын Карбала қаласында бомба орнатылған автокөліктің жарылысынан соңғы дерек бойынша 7 адам мерт болып, кем дегенде 30 кісі жараланған болатын.

Қаза тапқандардың ішінде Ираннан келген зиярат етушілер бар көрінеді. Олар шийттердің қасиетті қаласына осы күні келіп жеткен.
XS
SM
MD
LG