Accessibility links

Дели Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі болуы мүмкін


АҚШ президенті Барак Обама Үндістанға БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшесі мәртебесін беруге шақырды.

Дүйсенбі күні үнді парламентінде сөйлеген сөзінде Обама Үндістанның әлемдегі жетекші ірі елдің бірі екенін және Вашингтон мен Дели арасындағы әріптестіктің маңызын кесіп айтты.

Сонымен бірге президент Обама Қауіпсіздік Кеңесін реформалау бір жылдан да ұзаққа созылуы мүмкін екенін ескертті. Қазір АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания және Франция Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелері болып табылады.

Үнді парламентінен бұрын Обама үнді премьер-министрі Манмохан Сингхпен келіссөз өткізіп, қауіпсіздік, терроризм мен экстремизмге қарсы күрес эәне өзара экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Үндістанға келген сапарымен АҚШ президенті Азия елдеріне сапарын бастады. Обама Индонезияға, Оңтүстік Кореяға және Жапонияға барады.
XS
SM
MD
LG