Accessibility links

Нигерияда шетелдік бес азамат ұрланды


Нигерияда бұрғылау платформасына шабуыл жасағандар шетелдік бес маманды кепілге алды.

Ұрланған адамдардың екеуі - АҚШ азаматы, екеуі - француз, біреуі - канадалық. Бәрі де Нигер өзенінің сағасында кен орындарын іздейтін, Ұлыбританияда орналасқан «Афрен» компаниясының мамандары.

Әзірше ұрланған адамдарды қайтаруға байланысты ешқандай шарт қойылған жоқ. Бұл аймақтағы мұндай қылмыстардың көбі бұрын ақша талап ету үшін жасалатын.
XS
SM
MD
LG