Accessibility links

Аргентина: әскери хунтаның экс-басшысы қайтыс болды


Аргентинада 1976-1983 жылдары ел билігін ұстаған әскери хунта көсемдерінің бірі, бұрынғы адмирал Эмилио Массера 85 жасында көз жұмды.

Массера да басқа жақтастары сияқты бейбіт тұрғындарды азаптап, өлтірді деген айып бойынша сотталған. Құқық қорғаушылардың есебінше, хунта билігі кезінде отыз мыңға тарта адам із-түзсіз жоғалған.

Эмилио Массера соңғы жылдары үйқамақта отырған болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG