Британия премьер-министрі Дэвид Кэмерон екікүндік сапармен Қытайда жүр. Ол бүгін премьер-министр Уен Жиабаомен кездесіп, екі ел арасындағы сауда байланыстарын дамыту мәселесін талқылайды.
Кэмеронмен бірге Қытайға Британияның жетекші кәсіпкерлері келіп отыр. Британия премьер-министрі Қытаймен арадағы сауданы екі есеге көбейтуді, яғни 2015 жылға дейін сауда айналымын жылына 100 миллиард доллардан асыруды көздеп отырғанын мәлімдеді.