Accessibility links

Қырғыз парламентінің отырысы тағы да кейінге қалды


Жаңадан сайланған қырғыз парламентінің алғашқы отырысы тағы да кейінге қалдырылды деп хабарлайды Азаттық радиосының қырғыз қызметі. Дүйсенбі күні президент Роза Отунбаева парламент отырысы сейсенбіде өтеді деп мәлімдеген болатын. Бірақ Орталық сайлау комиссиясының өкілдері сессия беймәлім уақытқа дейін кейінге шегерілді деп хабарлады.

Қырғызстандағы парламенттік сайлаулар қазанның 10-да өтті. Ресми мәліметтерге сәйкес, парламенттегі орындарға 5 партия қол жеткізген.
XS
SM
MD
LG