Accessibility links

Ауғандардың көбі Талибанмен келіссөз өткізуді қолдайды


Жүргізілген сауалнамаға қарағанда, ауған халқының басым бөлігі үкіметтің Талибан бүлікшілерімен бейбіт келіссөз өткізу туралы әрекеттерін қолдайды. "Азия қоры" жариялаған сауалнама нәтижесіне сәйкес, ауғандардың 83 пайызы елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қаруланған топтармен үкіметтің келіссөз жүргізуін қалайды.

Сонымен қатар ауған азаматтарының 37 пайызы елдегі ең үлкен проблемалардың арасында жемқорлық пен жұмыссыздық мәселелері бар деп атаған. Аталмыш сауалнаманы жүргізуге АҚШ-тың халықаралық даму жөніндегі агенттігі көмектескен.
XS
SM
MD
LG