Accessibility links

АҚШ пен Индонезия ынтымақтастықты нығайтпақ


АҚШ пен Индонезия лаңкестікке қарсы күрес пен сауда, ғаламдық ауа-райы және энергетика саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға келісті. Бұл туралы бүгін Индонезия президенті Сусило Бамбанг Юдхойоно мен АҚШ президенті Барак Обама Джакартада өткізген бірлескен баспасөз маслихатында мәлімдеді.

Обама Индонезияға сейсенбі күні барды. Оның алдында АҚШ президенті елдің ішкі мәселелеріне байланысты Индонезияға сапарын екі рет кейінге шегерген болатын. Обама бүгін кешірек Индонезиядағы ең үлкен мешітке барып, мәлімдеме жасайды.
XS
SM
MD
LG