Жаңадан сайланған қырғыз парламентінің алғашқы отырысы қарашаның 10-на белгіленді деп хабарлайды Азаттық радиосының қырғыз қызметі. Дүйсенбі күні президент Роза Отунбаева парламент отырысы сейсенбіде өтеді деп мәлімдеген болатын. Бірақ Орталық сайлау комиссиясының өкілдері сессия сәрсенбіге шегерілді деп хабарлады.
Қырғызстандағы парламенттік сайлаулар қазанның 10-да өтті. Ресми мәліметтерге сәйкес, парламенттегі орындарға 5 саяси партия қол жеткізген.
Қырғызстандағы парламенттік сайлаулар қазанның 10-да өтті. Ресми мәліметтерге сәйкес, парламенттегі орындарға 5 саяси партия қол жеткізген.