Accessibility links

Иран алпауыт елдермен Түркияда кездесуді ұсынды


Иран әлемнің алпауыт елдерімен ядролық келіссөздерді қарашаның аяғында немесе желтоқсанның басында өткізуді ұсынды. Хабарларға қарағанда, Иранның ядролық мәселесі бойынша бас мәмілегері Саид Жалили ЕуроОдақтың сыртқы саясат басшысы Кэтрин Эштонға Теһран өкілдері қарашаның 23-де немесе желтоқсанның 5-де Стамбулда кездесуге әзір деп мәлімдеген.

Эштонның баспасөз хатшысының айтуынша, ЕуроОдақтың сыртқы саясат басшысы бұл ұсынысты Британия, Қытай, Франция, Германия, Ресей және АҚШ-пен талқылайтын болады. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі мен АҚШ және Еуропа Одағы уран байытуын тоқтатпай отырған Иранға жаңа санкциялар енгізгелі бері аталмыш елдер Теһранмен келіссөз жүргізбеген болатын.

Иран өзінің ядролық бағдарламасын бейбіт мақсатта дамытып жатқанын айтады.
XS
SM
MD
LG