Accessibility links

Британия премьері Қытайды ынтымақтасуға шақырды


Британия премьер-министрі Дэвид Кэмерон Қытайды "Үлкен жиырмалық" тобымен тығызырақ жұмыс істеп, саяси бостандыққа көбірек жол ашуға шақырды. Сәрсенбі күні Бейжің университетінде сөйлеген сөзінде Кэмерон Қытайдың экономикасы дамыған ең ірі мемлекеттермен ынтымақтасуы ғаламдық экономикалық дамудың тұрақтылығына көмектеседі деп атап көрсетті.

Кэмеронның Қытайға екікүндік сапары екі ел арасындағы сауда байланыстарын нығайтуға бағытталған. Сыншылар Британия премьер-министрін Қытай жетекшілерімен кездесуі барысында адам құқықтары мәселесін жеткілікті дәрежеде көтермеді деп айыптады.
XS
SM
MD
LG