Accessibility links

Құқыққорғаушылар Бушты жауапқа тарту қажет дейді


Халықаралық Amnesty International құқыққорғаушы ұйымы АҚШ-тың бұрынғы президенті кіші Джордж Бушты жауапқа тарту керек дейді.

Буш осы аптада сатылымға түскен "Маңызды шешімдер" деп аталатын мемуарында, лаңкестер деп күдіктелгендерге қатал тергеу әдістерін қолдануды жақтаған еді.

Мәселен, кітапта Буш 2001 жылдың 11 қыркүйегінде болған теракттың ұйымдастырушылардың бірі деп танылған - Халид Шейх Мухаммедті суға тұншықтыру сияқты қинау тәсілдерін дұрыс екендігін айтады.

Құқыққорғаушылар, бұл айтылғандар тергеу ісін бастау үшін жеткілікті екендігін айтады.

Америкалық NBC телеарнасына берген сұхбатында Буш лаңкестер деп күдіктелгендерге қатал тергеу әдістерін қолдану террорлық шабуылдардың алдын алып, адамдардың өмірін сақтады деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG