Accessibility links

Британия премьері алдағы жылы Ресейге баратынын айтты


Британия премьер-министрі Дэвид Кэмерон президент Дмитрий Медведевтің шақыртуын қабылдап, келесі жылы Ресейге сапармен баратынын мәлімдеді. Бұл туралы Кэмерон бүгін Сеулде "Үлкен-20" тобы саммитінің алдында Медведевпен кездесуінен кейін хабарлады.

Британия мен Ресейдің қарым-қатынастары осыдан бірнеше жыл бұрын бірқатар себептерге байланысты шиеленісе түскен болатын. Олардың ішінде 2006 жылы Лондонда радиоактивті затпен уланып қаза болған бұрынғы ресейлік қауіпсіздік агенті Александр Литвиненконың ісі де бар. Британия Ресейден Литвиненконың ісіне байланысты негізгі күдікті Андрей Луговойды экстрадициялауды талап етті бірақ Мәскеу одан бас тартып отыр.
XS
SM
MD
LG