Accessibility links

Обама әлем елдері басшыларын ынтымақтасуға шақырды


АҚШ президенті Барак Обама Оңтүстік Кореядағы "Үлкен жиырмалық" тобы саммиті барысында әлем жетекшілерін келіспеушіліктерін тоқтатып, ғаламдық экономиканы қайта қалпына келтіру мақсатында бірге жұмыс істеуге шақырды. Екі күнге жалғасатын саммиттің күн тәртібінде экономикасы дамыған елдер арасында дау туғызған валюта айырбастау курсына қатысты саясат пен үкімет дефициті мәселесі тұр.

АҚШ пен Еуропа Одағы Қытайды өзінің экспортын арзандату үшін жасанды түрде юань құнын төмендетіп жатыр деп айыптайды. Алайда Қытай мен басқа да елдер АҚШ Орталық банкінің өткен жылы ел экономикасына қосымша 600 миллиард доллар құю туралы шешімін сынады.

Сеулдегі басқосудың алдында Оңтүстік Корея мәмілегерлер арасында негізгі мәселелер бойынша келіспеушіліктер бар деп хабарлаған болатын.
XS
SM
MD
LG