Accessibility links

Қырғыз президенті одақтастарынан коалиция құруды сұрады


Қырғызстан президенті Роза Отунбаева өзінің батысшыл ұстанымын қолдайтын Социал демократиялық партиясынан коалициялық үкімет құруды сұрады. Осыдан бір күн бұрын елдегі жаңадан сайланған парламент алғашқы отырысын өткізген болатын.

Өткен айдағы сайлауда "Ата-жұрт" партиясы жеңіске жетсе, екінші орынды Социал демократтар иеленген-ді. Сонымен қатар парламенттегі орындарды тағы үш партия алды. Алайда қазанның 10-дағы дауыс берулерде ешбір партия парламенттегі орындардың басым бөлігіне қол жеткізе алмады. Егер ешқандай партия парламенттегі орындардың кемінде жартысына ие бола алмаса, президент фракциялардың бірін 15 күннің ішінде коалиция құрып, премьер-министрлікке өз кандидатын ұсынуға шақырады.

Президент баспасөз қызметінің хабарлауынша, егер Социал демократтар коалиция құра алмаса, Отунбаева реформашыл "Ата-Мекен" партиясынан коалиция құруды сұрайтын болады. Қазан айындағы сайлауда жеңіске жеткен партиялардың арасында "Ата-Мекен" ең аз дауыс жинаған болатын.
XS
SM
MD
LG