Accessibility links

Пәкістанда талибтер шабуылынан 18 адам көз жұмды


Пәкістанда бейсенбі күні, 11 қарашада елдің оңтүстігіндегі Карачи қаласында болған жарылыстан, соңғы деректер бойынша, 18 адам көз жұмып, 130-і жараланды. Шабуыл жергілікті қылмысты тексеру полициясының тергеу басқармасы ғимаратына жасалды.

Бұл лаңкестік әрекеттің жауапкершілігін пәкістандық талибтер өз мойындарына алды.

16 миллион халқы бар Карачи - елдің маңызды экономикалық астанасы. Мұнда Пәкістанның басты қор биржасы және Ауғанстандағы 150 мың сарбаздан тұратын халықаралық әскери жасақты қанымдайтын жүк келетін теңіз айлағы бар.
XS
SM
MD
LG