Accessibility links

Сеул: «Үлкен жиырмалық» саммиті аяқталды


Сеулде әлемнің жетекші экономикаларының басын қосатын «Үлкен жиырмалық» елдері басшыларының 2 күндік саммиті аяқталды. 20 елдің басшылары ұлттық валюталарын бір-бірімен бәсекелесіп арзандатпауға уағдаластып тарасты.

Саммиттің қорытындысы бойынша қабылданған бірлескен мәлімдемеде айырбас бағамын валюта саудасының деңгейінде ұстауға әзір екендері айтылады.

Алайда, сарапшылардың атап көрсетуінше, қорытынды мәлімдеменің мазмұны екіұшты және талай проблема шешілмей қалған.

Тараптар халықаралық валюта саудасындағы тұрақтылықты сақтау мәселесімен қатар, дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың салдарымен күресу проблемаларын да талқылады.

Атап айтқанда, 20 елдің жетекшілері халықаралық қаржы институттарының жұмысына бірқатар түзету енгізу, оның ішінде – Халықаралық валюта қорының шешім қабылдауына дамушы елдердің көбірек атсалысу құқын беру мәселесімен келісті.
XS
SM
MD
LG