Мьянмадан (Бирмадан) жетіп жатқан хабарға қарағанда, осы елдің әскери билік режимі демократиялық оппозицияның пәтер тұтқынында отырған көсемі Аун Сан Су Чжиді босатуға әзірленіп жатқанға ұқсайды.
Бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Су Чжи 1989 жылдан бері бас-аяғы 15 жыл бойы өз үйінде тұтқында отырды. Оның тұтқында отырған қазіргі мерзімі сенбі күні аяқталуға тиіс және, бір мәліметке сәйкес, оны босату туралы бұйрыққа қол қойылған көрінеді. Бірақ оны растайтын ешқандай ресми ақпар жоқ.
Таяуда Мьянмада соңғы 20 жылдағы тұңғыш сайлау болып өтіп, әскери билік онда өз жақтастарының жеңіске жеткенін мәлімдеді. Су Чжидің партиясы сайлауға бойкот жариялады.