Accessibility links

Батыс үкіметтері Су Чжидің босатылуын мадақтады


Батыс елдерінің үкіметтері Мьянмадағы демократияны қолдайтын оппозиция жетекшісі Аун Сан Су Чжидің үймақтан босатылуын мадақтады.

АҚШ президенті Барак Обама Су Чжиді батыр әйел деп атап, Мьянма билігін барлық саяси тұтқындарды азат етуге шақырды. Британия премьер-министрі Дэвид Кэмерон Су Чжи баяғыда босатылуы тиіс еді деп мәлімдеді. Италия сыртқы істер министрлігі Су Чжидің азат етілуін жақсы жаңалық деп бағалады. Франция президенті Николя Саркози Су Чжидің қозғалуына шектеу қойылмасын деп мәлімдеді.

Бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Су Чжи 15 жыл бойы өз үйінде тұтқында отырды.
XS
SM
MD
LG