Accessibility links

Карзай АҚШ-тың Ауғанстандағы операциялары азаюы тиіс деді


Ауғанстан президенті Хамид Карзай елдегі АҚШ-тың әскери операцияларының азайғанын қалайтынын айтты. Ол әсіресе, түнгі рейдтер адамдарды талибан бүлікшілеріне қосылып кетуге итермелейді деді.

Карзай бұл пікірін "Вашингтон Пост" басылымына айтқан. Оның бұл сөзі Ауғанстанда «ұстап ал да өлтір» операциясы бүлікшілермен күрес стратегиясының негізгі бөлігі деген АҚШ генералы Дэвид Петреустің айтқанына қайшы келіп отыр.

"Вашингтон Постың" жазуынша, АҚШ күштерінің соңғы үш айда ауғандықтар үйіне жасаған осындай түнгі рейдтері кезінде 368 адам өлтірілген. Олар бүлікші топ белсенділері деп айтылған.
XS
SM
MD
LG