Accessibility links

Назарбаев Алматыға екі күндік жұмыс сапарымен келді


Президент Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы екі күндік жұмыс сапары барысында алдағы VII қысқы Азиада нысандарын аралайды. Ол дүйсенбі күні шаңғы халықаралық шаңғы трамплині кешенін, «Медеу» спорт кешенін аралайды. Бұл туралы бүгін қала әкімінің баспасөз қызметінен хабарлап отыр.

VII қысқы Азия ойындары 30-шы қаңтар мен 6-шы ақпан аралығында Алматы мен Астанада өтеді. Ашылу рәсімі 30-шы қаңтарда Астанада, жабылуы - 6-шы ақпанда Алматыда өтеді. Спорттың 11 түрінен өтетін жарыстарға 45 елден мыңнан астам спортшы қатысады деп күтілуде.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, Назарбаев жұмыс сапары барысында Қазақ ұлттық аграрлық университетіне, Қазақтың Құрманғазы атындағы ұлттық консерваториясына, Қазақ қыздар педагогикалық университетінің «Студенттер үйінің» жаңа кешеніне барып шықпақшы. Ол шығыс айналма жолын да көреді.

16-шы қарашада президент Алматыдағы орталық мешітке барып, мұсылмандарды Құрбан айт мерекесімен құттықтайды.
XS
SM
MD
LG