Accessibility links

НАТО генералы ауған президентінің сөзіне наразы


Ауғанстандағы НАТО күштерінің бас қолбасшысы, АҚШ генералы Дэвид Петреус ауған президенті Хамид Карзайдың бірқатар сөзіне қатты наразы.

«Вашингтон пост» газетінің хабарлауынша, генерал Петреус ауған өкілдеріне президент Карзайдың халықаралық күштердің соғыс қимылдарын сынаған сөздеріне өзінің «көңілі қалғанын және наразы» екенін білдірді.

Ауғанстан президенті - өзінің жексенбі күні жарық көрген сұхбатында - АҚШ әскері мен оның одақтастары өздерінің белсенді іс-қимылдарын төмендетуге тиіс, атап айтқанда – ауған қышлақтарына жасайтын түнгі жорықтарын доғаруға тиіс деп мәлімдеді.

Генерал Дэвид Петреустің пікірінше, Хамид Карзайдың мұндай көзқарасы тәліптерге қарсы соғыстың нәтижелі болуына қатер төндіреді.
XS
SM
MD
LG