Палестиналықтар Израиль Иордан өзенінің Батыс жағалауында ғана емес, сондай-ақ Шығыс Иерусалимдегі тұрғын үй құрылысын да тоқтатуға тиіс деп үзілді-кесілді талап етті.
Дүйсенбі күні Палестина автономиясының жоғары лауазымды өкілі Саиб Ерекат мәлімдегендей, Израильмен арадағы бейбіт келіссөз тек осындай шарт орындалғанда ғана жалғасады.
Израиль үкіметі Батыс жағалаудағы тұрғын үй құрылысын 3 айға тоқтату туралы АҚШ-тың ұсынысын қарап жатыр. Оның есесіне Вашингтон Тель-Авивке бірқатар дипломатиялық кепілдік беріп, 20 жаңа жойғыш ұшақ беруге әзір.
Израиль мен Палестина арасындағы бейбіт келіссөз қыркүйек айында жалғасып, көп ұзамай тығырыққа тіреліп қалды.