Accessibility links

Нобель сыйлығын тапсыруға барлық ел келмеуі мүмкін


Дүйсенбі күні Нобель институты бірнеше елдің бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығын тапсыру рәсіміне бару жөнінде әлі тиянақты шешімге келмегенін мәлімдеді. Бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығы қытайлық диссидент Лю Сяобоға берілген болатын.

Нобель институтының директоры Гэйр Лундестад хабарлағандай, бірнеше елші 10 желтоқсанда Ослода өтетін Нобель сыйлығын тапсыру салтанатына баруға шешім қабылдау үшін өздеріне көбірек уақыт беруді өтініпті.

Лундестад қандай елдердің екі ойда отырғанын айтпады.

Лю Сяобо – Қытайда саяси реформалар жүргізуге үндегені үшін 2009 жылдың желтоқсанында 11 жылға түрме жазасына кесілген болатын.

Ол 2010 жылдың 8 қарашасында Нобель сыйлығының лауреаты болып жарияланды.
XS
SM
MD
LG