Accessibility links

Татар студенттері мұсылмандардың мерекесі тойлануы тиіс дейді


Қазан федералдық университетіндегі студенттер университет әкімшілігінің Құрбан айт күні сабақтарды әдеттегідей өткізу туралы шешіміне наразылық танытты деп хабарлайды Азаттық радиосының татар-башқұрт қызметі. Аталмыш университеттің кадрлар бөлімінің басшысы Лидия Хамматова университеттің Ресей заңдарына сай жұмыс істейтіндігін хабарлады.

Студент Рустам Хайрулиннің айтуынша, университеттің бұл шешімі татарлардың ұлттық дәстүрі мен мәдениетіне және дініне қайшы келеді. Құрбан айт күні сабақ оқымастан мешітке барамыз дейді Рустам.

Қазандағы басқа да білім орындары сейсенбі күні жабық тұр. Татарстан мұсылмандардың қасиетті Құрбан айт мерекесін атап өтіп жатыр.
XS
SM
MD
LG