Accessibility links

Гуанчжоу: Қазақстанда екі алтын медаль бар


Гуанчжоудағы XVI Азия ойындарының төртінші күні Қазақстанға алтын медаль әкелді. Оқ ату сайысы бойынша әйелдер құрамасы мен қазақстандық штангашы Майя Манеза алтын алды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлап отыр.

Сейсенбі, 16 қараша күні Зауреш Байбосынова, Галина Беляева мен Юлия Дришлюктен құралған оқ ату сайысы бойынша әйелдер құрамасы Қазақстанға алғашқы алтын медаль әкелді. Олар командалық есепте ең үздік болып шықты (25 м).

Сол күні Гуанчжоуда 63 келі салмаққа дейінгі ауыр атлетика бойынша әйелдер арасындағы жарыстар болды. Қазақстандық спортшы Майя Манеза басты қарсыласы қытайлық Чэнь Айчань есімді спортшыны артқа қалдырып, алтын медаль жеңіп алыд.

Сонымен Қазақстан құрамасының қоржынында әзірге 16 медаль бар, оның екеуі алтын, бесеуі күміс және тоғызы қола жүлде.

Қытай командасы 133 жүлдеге, соның ішінде 77 алтын медальға ие бола отырып, үздік келеді. Екінші және үшінші орындарда Оңтүстік Корея (66-22) мен Жапония (78-15) елдері тұр. Жүлделік есепте Қазақстан 7-ші орынға шықты (16-2).
XS
SM
MD
LG