Accessibility links

Қарағанды облысында судья жоғалып кетті


Қарағанды облысының полициясы жергілікті тұрғындардан із-түссіз кеткен судьяны іздестіру жұмыстарына көмектесуді сұрады. Бұл туралы ҚазТАГ агенттігі хабарлап отыр.

Полицияның өтінішін жергілікті барлық ақпарат құралдары басып отыр.

Полиция Шет ауданының тумасы 53 жастағы Мешітбай Құтышевті іздестіруге көмектесуді сұрап отыр.

Құтышев көп жыл бойы облыстық сотта жұмыс істеген. Биылғы жылдан бастап қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта жұмыс істейді.

Өткен аптада судья Шет ауданының Бұзау ауылындағы туыстарына кеткен. Түнде сол жерге жеткен ол ауамен тыныстап келу үшін далаға шығып, із-түссіз жоғалып кеткен.
XS
SM
MD
LG