Accessibility links

ЕуроОдақ министрлері Ирландияға көмектесуге әзір


Брюссельде кездескен еуроаумақ қаржы министрлері Ирландияның банк саласын құтқару үшін Халықаралық валюта қорымен жұмыс істеуге келісті. Алайда еуротоп төрағасы Жан-Клод Юнкердің айтуынша, Дублин көмек жөнінде өтініш тапсыру туралы шешім қабылдауы тиіс. Ирландия премьер-министрі Брайан Коуен болса өз елінің көмекке мұқтаж еместігін жеткізді.

Ирландия банктері ғаламдық қаржы дағдарысына байланысты қарызға батып отыр. Еуропа кеңесінің президенті Херман Ван Ромпуй осыдан бір жыл бұрын Грекияның нашар экономикалық жағдайына орай Еуропа Одағының болашағына алаңдаушылық танытты.
XS
SM
MD
LG