Accessibility links

Әзірбайжанда қамалған блоггер босатылды


Әзірбайжанда бұзақылық жасады деген айыппен түрмеге жабылған екі блоггердің бірі босатылды. Баку апелляциялық соты Аднан Хажизаде екіжылдық түрме жазасынның жартысын өтеген соң азат етілуі тиіс деген шешім шығарды. 2,5 жылға бас бостандығынан айырылған тағы бір блоггер Эмин Милли әлі қамауда отыр.

Хажизаде мен Милли өткен жылдың шілде айында бір мейрамханадағы төбелестен кейін тұтқындалған болатын.

Баспасөз бостандығын қорғаушы топтар мен халықаралық ұйымдар екі блоггердің интернетте үкімет туралы сатиралық видео жариялағаннан кейін қамауға алынуына байланысты алаңдаушылық танытты.

Түрмеден босатылған Хажизаде өзінің қылмыскер еместігін айтып, әріптесі Миллиді азат етуге шақырды.
XS
SM
MD
LG