Accessibility links

Гуантанамо тұтқынына тағылған айыптардың көбі жойылды


АҚШ-тың азаматтық алқабилер соты Гуантанамо абақтысындағы бұрынғы тұтқынға тағылған айыптардың басым бөлігін алып тастады. 1998 жылы Кения мен Танзаниядағы АҚШ елшіліктеріне жасалған Әл-Қаида шабуылдарына қатысты деп айыпталған Ахмед Халфан Гайлани қастандыққа қатысы бар деген айып бойынша ғана айыпты деп танылды. 36 жасар Гайлани 20 жылға түрмеге жабылады немесе бүкіл өмірін қамауда өткізуі мүмкін. Сот шешімі қаңтар айында шығады. 2004 жылы Пәкістанда ұсталып, 2006 жылы Гуантанамоға ауыстырылған Гайланиге бұдан бұрын 280-нен астам айып тағылған болатын.
XS
SM
MD
LG