Бүгін қазақстандық спортшы қыздар жұптаса отырып Гуанчжоуда өтіп жатқан 16-шы Азия ойындарында күміс жүлдеге болды.Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлап отыр.
Оксана Назарова мен Светлана Германович ескек есу сайысы бойынша қытайлық спортшылардан кейін екінші орынды еншіледі.
Жүлделік есеп бойынша Қазақстан 7-ші орында тұр. Ел құрамасының қоржынында 4 алтын, 8 күміс және 15 қола, барлығы 27 жүлде бар.
Қытай 213 медальмен, соның ішінде 116 алтын медальға ие бола отырып, алда келеді. Оңтүстік Корея (112-37) мен Жапония (117-22) елдері сәйкесінше екінші және үшінші орында.