Accessibility links

Лиссабон: Барак Обама НАТО саммитіне келді


АҚШ президенті барак Обама НАТО-ға мүше елдер басшыларының 2 күндік саммитіне қатысу үшін жұма күні Лиссабонға келді.

Испанияның El Pais газетіне берген сұхбатында Обама альянс жетекшілерін «Ауғанстанға оның өтпелі кезеңінде қолдау көрсететіндерін тағы да растауға» шақырды.

Хабарға қарағанда, НАТО жетекшілері ауған президенті Хамид Карзайдың ауған күштері ел қауіпсіздігін қорғауды 2014 жылдың соңына қарай қолға алады деген ұсынысын қолдайтын тәрізді.

Саммитте сонымен қатар НАТО мен Ресей арасындағы қарым-қатынасты нығайтудың жолдары сөз болады.

НАТО-ның 2 күндік саммитіне Ресей президенті Дмитрий Медведев те қатысады.
XS
SM
MD
LG