Accessibility links

Теһран Вашингтонның таққан айыбын теріске шығарды


Иран өзге діндердің өкілдерін қуадалайды деп АҚШ таққан айыпты теріске шығарды.

Иран сыртқы істер министрлігінің баспасөз-хатшысы Рамин Мехманпараст АҚШ-тың мемлекеттік департаментінің таяуда ғана жарық көрген баяндамасындағы қорытындысына жауап есебінде Вашингтонның өзін мұсылмандардың құқын бұзады деп айыптады.

Дүние жүзіндегі сенім-наным бостандығының қорғалуы туралы АҚШ сарапшылары әзірлеген жылдық баяндамада, мысалға, Ирандағы көпшілікті құрайтын шийттерден өзге мұсылмандардың құқы бұзылатыны айтылды.

АҚШ-тың мемлекеттік департаменті Ирандағы діни еркіндіктің халі әлі де нашарлап барады деп есептейді.
XS
SM
MD
LG