Accessibility links

Ауғанстан: АҚШ әскері М1 танктерімен қаруланды


Баспасөз құралдары хабарлағандай, Талибан қозғалысына қарсы 9 жылдық соғысында Ауғанстандағы АҚШ әскері алғаш рет орта салмақты танктерді көбірек қолданбақшы.

Жұма күні Washington Post газеті жазғандай, «Абрамс» М1 танктері АҚШ-тың теңіз жаяу әскері тәліптерге қарсы кескілескен шайқас жүргізіп жатқан Гильменд өлкесінде қолданылады.

АҚШ қорғаныс министрлігінің есімдерін атамаған өкілдерін сілтеген Washington Post жазғандай, 1 мильден астам қашықтықтан үйді қирата алатын 120 миллиметрлік зеңбірегі бар танктер жаяу әскердің тәліптерге алыстан және әлдеқайда дәл соққылауына мүмкін береді.
XS
SM
MD
LG