Accessibility links

Пәкістан АҚШ өтінішін қабылдамады


Хабарларға қарағанда, Пәкістан АҚШ-тың Талибан мен Әл-Қаида бүлікшілерін нысанаға алу аймақтарын кеңейту туралы өтінішін қабылдамады. Пәкістан сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Абдул Баситтің айтуынша, Исламабад Вашингтонның әуе шабуылдарын басқа да аумақтарға кеңейтуіне ешқашан рұқсат бермейді.

Жұма күні "Вашингтон Пост" басылымы АҚШ Пәкістанның ішінде Орталық барлау агенттігі ұшақтарының әрекеттерін кеңейтуді көздейді деп хабарлаған болатын.
XS
SM
MD
LG