НАТО 2014 жылдың соңына дейін Ауғанстандағы қауіпсіздікті ауған күштеріне тапсыруға уәде етті бірақ Талибанмен күресте Ауғанстанның бір өзін тастап кетпейтінін мәлімдеді. Ауған президенті Хамид Карзай мен Ауғанстанда соғысып жатқан 48 елдің басшылары Португалиядағы НАТО саммитіне жиналып, альянстың Ауғанстаннан шығу стратегиясын жасап жатыр.
Лиссабондағы келіссөздердің екінші күнінде НАТО бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен альянс кей міндеттерді келесі жылы ауған күштеріне жүктей бастайды деп мәлімдеді. Алайда НАТО Ауғанстанда болып, бұл елге көмектесуін жалғастырады деді Расмуссен.
"Ауғанстанның лаңкестікпен күресуі стратегиялық және ғаламдық маңызға ие. Бұл мәселеде ауған халқының сәтті болуы біз үшін де маңызды сондықтан біз НАТО мен Ауғанстан арасындағы ұзақ мерзімді серіктестік жөнінде келісім жасаймыз", - деді НАТО басшысы.
Қазір Ауғанстанда шамамен 150 мың шетел сарбазы бар, олардың 100 мыңға жуығы АҚШ күштері.