Accessibility links

Ресей зымыран қорғанысы саласында теңдей әріптестік болғанын қалайды


Ресей НАТО-ның Иран сияқты Таяу Шығыс елдерінен болуы мүмкін шабуылдан Еуропаны қорғау мақсатында баллистикалық зымыран қорғанысын құру ұсынысына оң қабақ танытқанымен, толықанды әріптес болғанша ол ұсынысты орындай алмайтынын айтты.

Сенбі күні Ресей президенті Дмитрий Медведев Лисабонда өткен НАТО-Ресей саммиттінде, Мәскеу НАТО-ның бұл жоспарын дамытуға ресейлік мамандарды қатыстыруға дайын дей келе, бірақ Ресей бұл істе теңдей әріптестік екенін сезінбесе, ұсынысты толық қабылдай алмайды деді.

АҚШ президенті Барак Обама Ресейдің зымыраннан қорғаныс саласында НАТО елдерімен ынтымақтастық құру шешімін мадақтаған.

Ресей өз елінің қауіпсіздігіне қауіп төндіреді деп АҚШ-тың бұрынғы президенті Джордж Буш кезіндегі бұл зымыраннан қорғаныс жүйесін орнату жоспарына қатты қарсылық танытып келген.
XS
SM
MD
LG