Accessibility links

Ресей президенті де АҚШ Сенатын келісімді мақұлдауға шақырды


Ресей президенті Дмитрий Медведев НАТО жетекшілеріне қосылып, АҚШ Сенатын "стратегиялық қаруларды азайту келісімін" мақұлдауға шақырды.

Сенбі күні Лисабондағы НАТО-Ресей саммитінде Медведев АҚШ заңшығарушыларын жауапкершілік танытып, бұл келісімді мақұлдауға үндеді. НАТО-ға мүше Дания мен Норвегия және Болгария, Латвия, Венгрия елдерінің сыртқы істер министрлері АҚШ Сенатына қайрылып, бұл келісімді қабылдауға шақырды.

АҚШ президенті Барак Обамаға оппозиция "Республика" партиясы осы айдың басында Америкада өткен аралық сайлауда жеңіске жеткен болатын.

Сәуір айында АҚШ және Ресей президенттері қол қойған "стратегиялық қаруларды азайту келісімі" екі тараптың ядролық қаруларын жеті жылдың ішінде 30 пайызға дейін азайтуды көздейді.
XS
SM
MD
LG