Accessibility links

Қырғызстан: бүгін Бакиев пен оның жақтастарына қатысты сот өтуі тиіс


Дүйсенбі күні Бішкекте бұрынғы президент Құрманбек Бакиев пен оның жақтастарына қатысты сот отырысы өтуі тиіс. Айыпталушы 28 адамға қызметін асыра пайдаланды және адам өліміне себепкер болды деген айып тағылып отыр. Олар осы жылдың сәуір айында Бішкектегі алаңға шыққан демонстранттарға жаппай оқ ату фактісіне қатысы болуы мүмкін.

Қазір сотқа 22 бұрынғы жоғары шенді мемлекеттік қызметкер қатысуда. Ал халықаралық іздеуде жүрген тағы алты адам, оның ішінде экс-президент Бакиевке сырттай айып тағылып отыр.

Қырғызстан әділет министрі айыпталушы жақтың барлық адвокаттарын дүйсенбі күні сотқа келуін талап етті. Бұған дейін өз қауіпсіздігіне алаңдаған олар сот процессіне қатыспайтындықтарын айтқан еді.

AzattyqTV

Қазақ-өзбек шекарасы

Достық тұрғындарының шағымы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG