Гуанчжоуда өтіп жатқан 16-шы Азия ойындарында қазақ спортшылары грек-рим күресі және семсерлесу сайысы бойынша екі күміс және үш қола медаль алды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлап отыр.
66 келі салмаққа дейін грек-рим күресі бойынша Дархан Баяхметов күміс жүлдеге ие болды. Финалдық жарысты қазақ палуаны Ираннан келген спортшы Саед Абдвалидан 1:3 есебімен ұтылып қалды.
Семсерселу бойынша Елмир Әлімжанов, Александр Аксенов, Дмитрий Грязнов және Сергей Шабалин Оңтүстік Корея құрамасынан 31:45 есебімен артта қалып, күміс медальға ие болды. Алайда жартылай финалда қазақстандық сапшылар қытайлықтардан озып кеткен болатын.
Жүлделік есеп бойынша Қазақстан 11 орында тұр. Қазақстан құрамасының есебінде 36 медаль, оның ішінде 4 алтын, 11 күміс және 21 қола жүлде бар.
278 медаль, соның ішінде 146 алтынға ие болып отырған Қытай елі алда келеді. Екінші және үшінші орында Оңтүстік Корея (162-55) мен Жапония (145-30) елдері тұр.