Accessibility links

Қытайда кеншілерді құтқару операциясы жалғасып жатыр


Қытайдың Сычуань аймағында жексенбі күні көмір шахтасын су басып, 28 адам жер астында қалды. Топан басталғанда кен орнында 40 адам жұмыс істеп жатқан. 13-і сыртқа шығып үлгерген.

Қазір мамандар бар күшті суды далаға айдауға жұмсап жатыр. Оқиға себептері анықталып жатыр.

Бұл елдің шахталары қауіптілігі жағынан әлемде алдыңғы қатарда тұр. Өткен жылы түрлі оқыс оқиғалардан Қытай кеніштерінде 2600 адам көз жұмды.
XS
SM
MD
LG