Accessibility links

Бішкек: Бакиевтің ісі бойынша сот жалғасты


Дүйсенбі күні Бішкекте бұрынғы президент Құрманбек Бакиев пен оның жақын туыстарының және президент әкімшілігінің бұрынғы өкілдерінің қылмыстық ісі бойынша сот қайта жалғасты. Олардың барлығына қызмет бабын асыра пайдаланды және 7 сәуір күні Бішкекте болған шеруге оқ атып, 80-нен астам адамның қазасына себепкер болды деген айыптар тағылып отыр.

Осы айыптар бойынша бұрынғы жоғары лауазымды 22 шенеунек сотқа тартылды, экс-президент Құрманбек Бакиев бастаған тағы 6 кісіге айыптар сырттай тағылып, оларға халықаралық іздеу жарияланды.

Бұл сот үдерісі айыпталушылардың кейбірі белгісіз себептермен отырысқа келмеуіне байланысты екі рет үзіліс жариялады.
XS
SM
MD
LG