Accessibility links

Украина кәсіпкерлері Салық кодексіне қарсы


Дүйсенбі күні Украинада ұлттық парламент – Жоғарғы рада қабылдаған Салық кодексіне қарсы бірнеше мың кәсіпкердің наразылық ереуілі болып өтті.

Киевте тәуелсіздік алаңына 5 мыңға жуық адам жиналды. Олар қолдарына «Біздің ақшамыздан қолыңды тарт!», «Бізден бәрін тартып алды – жұмысты қалдырсын!» деген үндеулер көтеріп шықты.

Харьков қаласында шағын және орта кәсіпкерліктің бірнеше мың өкілі Бостандық алаңына шықты.

Кәсіпкерлердің кәсіподағы Салық кодексін жоюға қол жинау үстінде және үкіметті жалпыұлттық наразылық ереуілін ұйымдастыратынын ескертті.
XS
SM
MD
LG