Accessibility links

Гамбия Иранмен қатынасын тоқтатты


Дүйсенбі күні Гамбия өзінің Иранмен барлық байланысын үзетіндігін мәлімдеді.

Гамбия сыртқы істер министрінің таратқан мәліметіне сәйкес, Иран өкілдеріне елді тастап кету үшін 48 сағат беріліп отыр. Екі ел арасындағы қарым-қатынастың үзілу себептері айтылмай отыр.

Өткен айда Нигерия арнайы қызметі Лагоста Ираннан жіберілген қару-жарақтың ірі көлемдегі партиясын тәркілеген еді. Ақпаратқа қарағанда, қару-жарақ БҰҰ санкциясына қарамастан Гамбияға жеткізілмек болған. Сарапшылардың пікірінше, дәл осы жайт Банжуланың қазіргі әрекетінің негізгі себебі болуы мүмкін.
XS
SM
MD
LG