Accessibility links

Қазкоммерцбанктен 93 миллион теңге ұрлағандарға үкім шықты


Сейсенбі күні Алматы гарнизонының әскери соты «Қазкоммерцбанк» есепшоттарынан 93 миллион теңге ұрлаған топ мүшелеріне қатысты үкім шығарды. Бұл туралы ҚазТАГ агенттігі хабарлап отыр.

Сот жабық есік жағдайында өткен.

Белгілі болғандай топ мүшелерін 8-ден 9 жылға дейін бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарылған.

2009 жылдың қарашасында аталған топ банк арқылы «Гарант» ЖШС жалған төлем құжаттарының көмегімен ҚКБ есепшоттарында сақтаулы жатқан 93 млн теңге қаржыны ұрлап кеткен.

Жәбірленуші жақ - Қазкоммерцбанк шығарылған үкімге толығымен қанағаттанады деп мәлім етті банктің өкілі. Ал сотталғандардың қорғаушысы үкіммен келіспей, қарсы шағым жасамақ.

AzattyqTV

AzatNEWS 23.05.2017

AzatNEWS 23.05.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG