Accessibility links

Қазақстандық тенисші "Жыл үздігі" атанды


Қазақстанның бірінші ракеткасы Андрей Голубев Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығының лауреаты болып, "Жыл үздігі" номинациясында жеңіске жетті. Бұл туралы Қазақстан теннисшілер федерациясының баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Голубев 2010 жылдың шілде айында Гамбургтегі АТР турнирінде жеңіп, осы жарыста жеңіске жеткен тарихтағы алғашқы қазақстандық тенисші болып табылады.

Қазір Голубев АТР рейтингі бойынша 36-шы орында тұр

ATP World Tour Awards жеңімпаздар тізімі:
"Жылдың ең үздік тенисшісі" Рафаэль Надаль (Испания),
"Жылдың ең жақсы жұбы" Боб Брайан / Майк Брайан (АҚШ),
"Жыл үздігі" Андрей Голубев (Қазақстан),
"Жылдың жаңа келгенi" Тобиас Камке (Германия),
"Жылдың қайтуы" Робин Хаасе (Голландия),
"Артур Эш атындағы адамгершілік жүлдесі" Рохан Бопанна (Индия), Айсам Уль-Хақ Қурейши (Пакистан),
"Жанкүйерлер көзайымы" (жеке разряд) Роджер Федерер (Швейцария), "Жанкүйерлер көзайымы" (екеулік разряд) Боб Брайан и Майк Брайан (АҚШ).
XS
SM
MD
LG