Accessibility links

Солтүстік Корея Оңтүстік Корея аралын атқылады


Оңтүстік Корея әскерилерінің хабарлауынша, бүгін Солтүстік Корея артиллериясы Оңтүстік Корея аралын атқылады. Екі елдің даулы шекарасының жанында болған оқиғадан кейін Оңтүстік Корея да оқ атқан. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, бір оңтүстік кореялық сарбаз қаза болып, үшеуі жараланған.

Оңтүстік Корея президенті үкімет мүшелерімен қауіпсіздік жөнінде төтенше жиналыс өткізді.

Осыдан бірнеше күн бұрын Солтүстік Корея өзінде уран байытатын жаңа зауыттың барлығын жариялаған болатын.
XS
SM
MD
LG