Accessibility links

Сейдуманов: Азиада кезінде базарлар жабылмайды


Қазақстанда қаңтардың 30-ы мен ақпанның 6-сы аралығында өтетін қысқы Азия ойындары кезінде Алматыдағы базарлар жабылмайды. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов "Время" басылымына берген сұхбатында айтқан.

Сейдумановтың сөзінше, бұл арандатушылық өсек әңгімелер.

Одан өзге қысқы ойындар кезінде қаладағы авто көліктерге де ешқандай шектеу болмайды. Әкімнің орынбасарының атап өтуінше, тек Медеу мен Шымбұлаққа ғана жеке көліктер кіргізілмейді. Азия ойындарын көремін деушілерге қоғамдық көліктер қызметі ұсыныалатын болады.
XS
SM
MD
LG